С: Сиыр саны қаншаға толғанда зекет парыз болады?

Ж: Сиырлардың саны отызға жетпейінше зекет парыз емес. Отыз сиырдан екі жасар торпақ, қырық сиырдан үш жасар құнан сиыр зекетке беріледі. Әбу Ханифаның пікірі бойынша қырықтан алпысқа дейін қайта есептеледі. Бір сиыр қосылғанда үш жасар сиырдың оннан бірінің төрттен бір бөлігі (2,5%), екі сиыр қосылғанда үш жасар сиырдың оннан бірінің жартысы (5%), төрт сиыр қосылғанда оннан бірінің төрттен үш (7,5%) бөліктерінің бағасы есептелініп қосылады. Әбу Юсуф пен Мұхамедтің айтуынша қырықтан алпысқа жеткенше ештеңе берілмейді. Алпыс сиырдан екі жасар екі торпақ. Жетпіс сиырдан үш жасар бір сиыр мен екі жасар бір торпақ. Сексен сиырдан екі үш жасар сиыр. Тоқсан сиырдан үш екі жасар торпақ. Жүз сиырдан екі жасар екі торпақ пен үш жасар бір сиыр. Әрі қарай әрбір он сиырға тиісінше торпақ, құнажын болып өзгеріп отырады.

С: Сиырға ұқсас буйвол сияқты жануардың үкімі қандай?

Ж: Буйвол мен сиырдың үкімдері бір.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38