С:Алла Тағала Қағбаны мұсылмандардың құбыласы етті. Ал, осы Қағбаның ішінде намаз оқуға бола ма?
Ж: Иә, Қағбаның ішінде намаз оқуға болады.
С: Имам Қағбаның ішінде оқып, артында ұюшылардың кейбіреулерінің имамға арқасын беріп оқуына бола ма?
Ж: Иә, болады.
С: Жүзін имамның жүзіне қаратса намазы дұрыс бола ма?
Ж: Мәкруһ блғанымен дұрыс.
С: Имамға арқасын беріп тұрған адамның намазы дұрыс бола ма?
Ж: Имамның алдында шығып кеткендіктен намазы дұрыс емес.
С: Имам Қағбаның сыртында, яғни Харам мешітінде оқып, имамға ұюшылар Қағбаның жан-жағында дөңгеленіп тұрса намаздары дұрыс бола ма?
Ж: Иә, намаздары дұрыс.
С: Бұл жалпы жамағатқа үкім. Ал, Қағбаға имамнан гөрі жақынырақ тұрғанның намазы қалай болады?
Ж: Имам тұрған тұста Қағбаға имамнан гөрі жақын тұрғанның намазы дұрыс болмайды. Ал, имам тұрған жерден басқа тұста Қағбаға жақын тұрғанның намазы дұрыс.
С: Қағбаның үстінде намаз оқыса дұрыс бола ма?
Ж: Қағбаның үстінде намаз оқу мәкруһ. Бірақ дұрыс деп есептеледі.