Бүкіл әлемнің иесі, Жаратушымыз Аллаға мақтау мен мадақ, Алла елшісі Мұхаммедке Алланың игілігі мен сәлемі болсын.

Бүкіл әлем сардары Мұхаммед (с.а.с) өз хадис- шәрифінде: «Қарттарға құрмет және сияпат, Алла тағалаға деген құрметтен туындайды» – деген. Дана халқымыз да бұл хадисті өте жоғары дәрежеде түсініп: Қариясы бардың – қазынасы бар – деп нақыл сөз қалдырған. Біз қазақ деген – жетімін жылатпай, жесірін құлатпай, құлағанға демеу болған, қариясын қарттар деген үйге мүлдем тастамаған халықпыз. Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек мырза Мақтарал ауданына ат басын тіреп, Осынау Мырзашөлде ауданның батагөй ақсақалы, баталар сайысының жеңімпазы, ауданымыздың құрметті азаматы Бекахметов Ораз қожа ақсақалдың үйіне барды. Қарттарын қадірлеген ел ардақты демекші, 1- қазан Халықаралық қариялар күнімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Мұндағы мақсат – халықтың бойына үлкенді сыйлау, салт-дəстүрден нəр алып, имандылыққа, инабаттылыққа тəрбиелеу, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға үндеу болатын. Сөз соңында осындай елді сөзіне тоқтата алған ақсақалдарымыз көп болсын – деп Ораз атамыздан бата алды.

Мақтарал ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38