Бүгінгі таңда, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен «Мектепке жол – 2016» атты қайырымдылық шарасы ел ішінде үлкен қолдауға ие болып, шараға қол ұшын беруші азаматтар саны артуда.
Осы шара аясында облыстық орталық мешіті мен облыстық Зекет қорының ұйытқы болуымен Шымкент қаласына қарасты жағдайы төмен әлеуметтік аз қамтылған 70 балаға қайрымдылық көмек көрсетіліп, мектепке арналған қажетті заттар мен сөмкелер үлестірілді.
Шараға облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек, облыстық Зекет қорының жетекшісінің көмекшісі Ғалымжан Назаровтар арнайы қатысып, ізгілік тіледі.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі