Созақ ауданы Қарағұр ауылында 2016 жылдың 9 тамыз айында ОҚО өкілдігінің найб имамы Еркебұлан Қарақұловтың қатысуымен аудан имамы Төрехан Әлжан «Ислам бейбітшілік діні» атты семинар өткізді.
Семинарға аудан молдалары, ауыл тұрғындары мен қоса ауыл әкімі қатысты.
Семинардан соң мешітте аудан имам-молдаларымен жеке кездесіп, облыс тапсырмалары таныстырылды.
Әсіресе 2017 жылға газет-журналға жазылу, төрт бағытта атқарылатын іс-шараларды мүлтіксіз атқару секілді өзекті мәселелер талқыланды.
Соңынан табиғат аясында келген қонақтарға қайрымдылық ас берілді.
ҚМДБ-ның ОҚО, Созақ ауданы,
«Шолаққорған» орталық мешітінің баспасөз қызметі.