Әлемде дүрбелең салған Сovid-2019 жұқпалы індетіне байланысты ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті «Жүрек жылуы», «#Бізбіргеміз» қайырымдылық шарасын ұйымдастыруда. Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев, Мұхамеджан Естеміров, Азамат Әбдікермұлы, Айбек Азимбаев, Бердалы Жәміш және қалалық «Зекет» қоры мен «Жәннатул Фирдауси» қоғамдық қорының ерікті белсенді жастары қала көшелерінде қайырымдылық өткізіп, онда жұқпалы індетті жұқтырып алмасы үшін халыққа медециналық бетперде таратып, сақтану жолдарын түсіндірді. Айта кетсек, шара барысында қала тұрғындарына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің халыққа үндеуі насихатталып, қайырымдылық негізінде 1000 дана бетперде тегін таратылды. ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі Share Жазба навигациясы БАС МҮФТИ ЖҰҚПАЛЫ ІНДЕТТЕН ҚАЙТЫС БОЛҒАН МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ (ФОТО) Шымкент: «Имамдар алаңы» бағдарламасы ашылды