Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы орталық «Дәулеталыұлы Бегалы ата» мешітінде биылғы қажылық сапарға ниет етушілермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында мешіттің найб имамы Н. Шалхаров қажылық тәртібі мен әдептерін келушілерге түсіндірді. Сонымен қатар олардың көкейлерінде жүрген сұрақтарға тұшымды жауаптар қайтарылды. Жалпы Темірлан ауылынан 5 кісі Шымкент қаласындағы «Сембекова и К» қажылық компаниясымен баратын болды. Мешітке келген Рахиева Айымхан апа мен Пәттеев Қанат ұшақтар тікелей Шымкент-Жидда бағытына болғандықтан таңдағандығын айтты. Мешіт ұжымы қажыларға сәт-сапар тілеп, ҚМДБ-дан шыққан діни кітаптарды сый ретінде тарту етті