ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС комиссия мүшелері Шымкент қаласындағы «Шымкент құс» фабрикасында кезекті бақылау-қадағалау жұмысын жүргізді.

Тексеріске ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, «Халал Даму» ЖШС Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Сарыбаев Қазыбек, технологтар Еркетаң Мақсұтова мен Арайгүл Бақытқызы қатысты. Құс фабрикаларын сертификаттауда қатаң талаптар қоятын «ҚМДБ Халал» мамандары, бекітілген талаптардың сақталуы мен орындалуын, жүзеге асуын тиянақты түрде тексерді.

Бақылау барысында құс азығының рұқсат етілген, таза болуы, сулы ванна температурасының стандартқа сәйкес келуі, құсты тек «Бисмиллаһ» айтып, қолмен бауыздау, бауыздағаннан кейін стандарт талаптарына сай бекітілген қан ағызу ұзақтығын сақтау, құс өнімдерін тазалау, бөлшектеу барысында санитарлық тазалықты да назардан тыс қалдырмау қадағаланды. Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптарының орындалуы толықтай тексерілді.

Құс фабрикасы жұмысының санитарлық тазалығына ескертулер айтылып, алдағы жақын уақытта түзету жұмыстарын жүргізу талап етілді. Ескертулердің орындалуына жергілікті өкіл Қазыбек Сарыбаев қадағалау жүргізетінін жеткізді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38