
Шымкент қаламыздың барлық мешіттерінде «АДАМҒА АЛҒЫС АЙТА АЛМАҒАН, АЛЛАҒА ШҮКІРШІЛІК ЕТЕ АЛМАЙДЫ «тақырыбында Жұма уағызы айтылды.
Бақтыбай қажы Бейсенбаев,Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласыбойынша өкіл имамы Шымкент қаласының орталық мешіті» АҚ МЕШІТТЕ » Жұма намазын өткізді.
فَاذْكُرُونِي أَذْكُرْكُمْ وَاشْكُرُواْ لِي وَلاَ تَكْفُرُونِ
«Сендер Мені еске алыңдар (яғни, маған құлшылық етіңдер), сонда Мен де сендерді еске аламын. Маған шүкіршілік етіңдер және әсте күпірлік етпеңдер»
مَنْ لَمْ يَشْكُرْ الْقَلِيلَ لَمْ يَشْكُرْ الْكَثيرَ، وَ مَنْ لَمْ يَشْكُرْ النَّاسَ لَمْ يَشْكُرْ اللهَ، التَّحَدُّثُ بِنِعْمَةِ اللهِ شُكْرٌ، وَ تَرْكُها كُفْرٌ، وَ الْجَمَاعَةُ رَحْمَةٌ، وَ الْفِرْقَةُ عَذَابٌ.
«Кімде-кім азға шүкір етпесе, көпке де шүкірсіз болады. Ал, кім адамдардың (жақсылықтарына) алғыс айтпаса, Аллаға да шүкірсіз болғаны. Алланың нығметтерін айтып жүру шүкірліктің (белгісі), оны жасыру (яғни Алланың нығметтерін жоққа шығару) – күпірлік. Ауызбіршілікте болу – мейірім, ал бөліну – азап»
Құран аяттарымен Хадистер айтып дұға жасады
اللَّهُمَّ أَعِنِّي عَلَى ذِكْرِكَ وَشُكْرِكَ وَحُسْنِ عِبَادَتِكَ
«Уа, Алла Тағалам! Сені (тұрақты) еске алуға, Саған шүкір етуге және Саған көркем құлшылық жасауға жәрдем бер!»