ҚМДБ Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Әл-Муслим мешітінің  имамы Қымбатов Бекайдар Алтайұлының бастамасымен жамағатымыздың ынтымағы мен татулығын арттыру және жат ағымның алдын алу мақсатында «Бір мешіт, бір жамағат, бір үмбет» тақырыбы аясында жиын өтті.  Әл Фараби аудандық «А. Қаттани» мешітінің найб имамы, ЖАНТ мүшесі Тұрапбай Ақтөре арнайы қонақ болып, жамағатымызға «Ынтымағы жарасқан ел озар»тақырыбында уағыз- насихат жүргізді. Жиын соңында әруақтарға Құран хатым бағышталып, дұға жасалды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38