Шымкент қаласында орналасқан «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінің ғимаратында имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған «Шымкент имамдарының білімін жетілдіру орталығы» ашылып, жұмыс жасап келеді.

Апталық курс барысында имамдарымызға қажетті дүниелердің барлығы түсіндіріліп, айтылып келеді. Кезекті топқа Шымкент қаласының Бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев арнайы қатысып, жеті рухани қазық бағдарламасы жөнінде имамдарға дәріс оқыды.

Айта кетсек, «Шымкент имамдарының білімін жетілдіру орталығы» жетекшісі М.Естеміровтың айтуынша, үш аптада 75 мешіт қызметкерлері біліктілігін көтеріп, тәлім алды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы

бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38