Шымкент. 14 наурыз. SHARIGAT.KZ – ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Сұлтан» мейрамханасында марқұм Шүкіролла қажы Мұхаммеджановты еске алу шарасын ұйымдастырды.
Еске алу шарасына ҚМДБ-ның Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты мешіт имамдары, ардагерлер кеңесінің өкілдері, өзбек этно-мәдение орталығының мүшелері, мешіт жамағаты мен бір топ шәкірттері қатысты.
Бұл шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – мешіт саласында көп жылдар бойы қызмет етіп, асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосқан асыл азаматтарды естен шығармай, олардың өнелелі һәм ғибартты ғұмарларын жастарға насихаттау болып табылады.
Осындай игі бастама аясында кезінде Шымкент облысы және қалалық мешіттің бас имамы қызметтерін 30 жылдай басқарған Шүкіролла қажы Мұхаммеджановты еске келу шарасы қолға алынды.
Игі шара Құран оқумен басталып, алғы сөзді Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай қажы Бейсенбаев және Түркістан облысының өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді естелік айтып, құттықтау сөз сөйледі.
Осыдан кейін, республикалық өзбек этно-мәдени орталығының басшысы Икрам Хашимжанов өзінің және Өзбекстан діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Усманхан Алимовтың құттықтауын жеткізді. Онда қазақ халқының мейірбандығы, меймандостығы, досқа адал, қонақжай екендігін айта келе, рухани жаңғыру аясында өткендерімізді түгендеуде осындай игі шараға қолдау білдіріп отырған ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бастамаларына дән риза екендігі айтылған. Тұңғыш ұйымдастырылған шара өте әсерлді болып, марқұм Шүкіролла қажы Мұхаммеджановтың өнегелі өмірі туралы естелік сөздер айтылып, арнайы ролик көрсетілді.
Айта кету керек, өкілдік тарапынан осы жылы Әлайдар қажы Әміре, Зейнулла қажы Ахмедов, Бауыржан Оңалбаев т.б. асыл дінімізге еңбегі сіңірген бүгінде марқұм болған имамдарымызды еске алу шаралары ұйымдастырылады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша өкілдігінің баспасөз қызметі