Шымкент. 14 наурыз. SHARIGAT.KZ- Бүгін ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, ҚМДБ-ның төраға орынбасары, Наиб мүфти Алау Әділбаев Шымкент қалдасына ресми сапармен келді.
Ресми шара аясында Наиб мүфти Алау Әділбаев Шымкент қаласында орналасқан «Ықылас» қарилар дайындау орталығының тыныс-тіршілігін танысудан бастады.
Негізгі мақсат – діни басқармаға қарасты діни оқу орындарының жағдайы мен оқу базасының әлеуметін көтеру, білікті ұстаздар мәселелері т.б. мәселелер болатын.
Кездесу аясында оқу орнның директоры Ықылас Майлан атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы есебі тыңдалды. Жалпы, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ерлер бөлімінде 85, ал қыздар бөлімінде 100 шәкірт Құран жаттап тәлім алуда. Осы шәкірттерге білікті 10 қари ұстаз қызмет етуде. Шәкірттерге толық жағдай жасалған.
Сондай-ақ, кездесу аясында Наиб мүфти Алау Шайқымұлы аталмыш орталықтың шәкірттеріне ағалық кеңесін беріп, тәлім-тәрбие туралы дәріс оқыды.
Жалпы, Наиб мүфти Алау Шайқымұлы аталмыш орталықтың ер-балалар мен қыз-балаларға арналған бөлімдерін толық аралап, танысып бүгінгі таңда жұмыстарына оң бағасын беріп, одан әрі жетілдіріп, дамыту жөнінде тапсырма берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі