Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің аса мән беріп, жіті қадағалап отырған салалардың ішінде діни оқу-ағарту және діни уағыз-насихат бағыттары да бар.
Бұл Мүфти хазреттің Қасиетті Құран және Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) жолдары екендігін және бір рет баршамыздың естерімізге салуы. ҚМДБ-ның имам-моладалары, азаншы және ұстаздарының ілім алып, діни оқу-ағаратушылық және сапалы уағыз-насихат жұмыстарын жүргізу Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің басты назарында. Асыл дініміз де бұл екі мәселеге аса зор мән бергендігі баршамызға белгілі. Ислам діні − ілім алуға, сауатты болуға шақыратын дін. Алла Тағала ең алғаш Құран аяттарын уахи еткенде «Алақ» сүресінде: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» – деген.Тағы бір Құран аятында: «Алла Тағала сендердің араларыңнан иман келтіргендердің сондай-ақ өздеріне ілім нәсіп болғандардың дәрежесін көтеріп, мерейін өсіреді», Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) хадис-шәріпінде: «Ілім алу әрбір мұсылман ер мен әйел кісіге парыз» – деген.
Үстіміздегі жылы діни басқармаға қарасты діни оқу орындарын біршама шәкірттерімз тамамдап, еліміздің аумағындағы мешіттерде қызмет етіп келеді. Атап айтқанда, биыл «Шымкент» медресесін жалпы 33 түлек бітіріп шықты. Оның 19 ер, 14 қыз. «Сарыағаш» медресесін 50 түлек бітіріп шықты. Оның 28 ер, 22 қыз. Ал, облыс көлемінде 232 мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарын жыл басынан бері оның ішінде жазғы демалыста ұл шәкірттер саны 6092 болса, қыз-балалар 2189 қазіргі таңда құран әліппесін және басқа да имандылық сабақтарын үйренуде. Мұнымен, республикалық және жергілікті ақпарттық уағыз-насихат тобының 19 кездесу өтіп 5755 адам қамтылды.
Қарақұлов Еркебұлан, Облыс имам орынбасары