Бүгін, ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, ғалым-ұстаз Сансызбай қажы Шоқанов Шымкент қаласына ресми сапармен келді.
Ресми сапары аясында Шымкент қаласы бойынша өкілідігі, «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінде «Дін атын жамылған жат ағымдар» тақырыбы бойынша жұма уағызын жүргізді.
Уағыз аясында «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Сириядағы соғыс аймағынан отандастарымызды елге қайтаруға бағытталған «Жусан» операциясы сәтті аяқталғандығын айроықша айтқым келеді. Сондай-ақ, ол Қазақстан Президентінің халықаралық аренадағы жоғары беделінің және еліміздің бейбітшілік бастамалары, қағидаттары негізінде жүзеге асты», – деді С.Шоқанов.
Мұнымен қатар, түрлі кереғар ағымдардың алдын алу, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптар туралы өзінің ойларын ортаға салды.
Кездесуге 5000-ға жуық жамағат қатысты. Ең бастысы уағызға ұйыған жамағат мол рухани олжалы боп қайтты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша өкілдігінің баспасөз қызметі