ҚМДБ-ның төрт бағыттағы жұмыстарының бірі һәм бірегейі болып саналатын қайырымдылық бойынша жұмыстар қолға алынып келеді.

Соның бір көрінісі, Шымкент қаласы, Абай ауданы «Айтбай ата Ақмешіт» мешітінің ұйымдастыуымен қайырымдылық шарасы болып өтті.

Қайырымдылық шарасы барысында тұрмыс жағдай төмен отбасы 35 отбасыға азық-түлік және қаржылай көмек берілді. Атап айтқанда ұн, қант, күріш, макарон, тұз, шәй, 5 литр өсімдікмайы т.б. Жалпы құны үш жүз мың теңгені құрайды.

Аталмыш шара барысында мешіт имамы Есалы Тәжібаев сөз сөйлеп, асыл дініміз жайлы уағыз, әрбір қиындық соңында еселеп қуаныш болатыны туралы уағыз айтты.  

Осы орайда, қайырымдылық шараға қолдау көрсетіп жомарт жандарға Алла разы болсын!

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38