ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент қаласы орталық мешітінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Жағдайы төмен, I-ші топтағы мүгедек жан Асқар ағамызға орталық мешіт тарапынан жүріп-тұруға арналған жаңа арнайы кресло-арба берілді. Оны орталық мешітінің найб имамы Сертай Әділхан табыс етті. Әділхан имам Асқар ағамызға жылы лебізді сөздер айтып, тағдырдың тауқыметіне сабырлықпен қарап, еңсені түсірмеуге шақырды. Және де осындай жағдайдағы кісілерге Алладан ерекше сауап болатынын айтып, тек жақсылытарда жүздесе беруімізді тіледі. Сондай-ақ қаламыздың қалталы азаматтарын осындай зағип жандарға көмек беруге шақырды. Өйткені болашақта қандай күйде болатынымыз тек Жаратқанға иемізге мәлім.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі