Бүгін Астана қаласында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезекті ХХ мәжілісі басталды.

Кеңес жұмысында із-түссіз кеткен адамға қатысты шариғат үкімі, маһр (қалыңдық сыйы) үкімі, салық төлемеудің үкімі, жолаушының намазына қатысты мәселе, валюта курсының өзгеруіне байланысты қарызды төлеу үкімі, т.б. тақырыптар төңірегінде дайындалған пәтуалар мәтіні жан-жақты талқылануда.

Талқылаудан өткен пәтуаларды Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бекітетін болады. Дайын болған пәтуалар ҚМДБ-ның www.fatua.kz сайтында жарияланады.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38