Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Алматы қаласындағы «Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының» білімін жетілдіруші имам-молдалары, ғалым ұстаздар Шымкент қаласының орталық мешітін зиярат етті. Алыс-жақын шет елдерден, яғни  Ресей және Монғолия елдерінен және Қазақстаннан келген 50 имам-молдалар, ғалым ұстаздар жаңа мегаполистің бас «Халифа Ән-Нахаян Ақмешітін» тамашалап шықты.

Қонақтарды Шымкент қаласы бойынша өкіл имамның орынбасары Ахметжан қажы Керімбек күтіп алып мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырып, мешіттің тарихынан хабардар етті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38