Қазақтың тарихи мекені, құт мекен Созақ өңірінің аудан орталығы Шолаққорғанның Балдысу елді мекенінде Алланың үйі – мешіт жаңадан бой көтеріп, есігін қасиетті Жұма күнінде жамағатқа айқара ашты.
Жаңа мешіттің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы, «Қазақстан қажылары» қауымдастығы діни бірлестігінің төрағасы Еркінбай Дуанаев, ауданның ақсақалдары, аудандық депутаттар, алыс-жақыннан келген ағайындар, ауыл азаматтары қатысты.
ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау сөзінде:
Және барша мұсылмандар атынан мешіт салған кәсіпкер азаматтарға, мұрындық болған барша ағайынға ризашылықтарын білдіріп, Дінбасының арнайы сыйлығы қасиетті Меккеден әкелінген Құран кітабын мешітке табыс етті.
Ары қарай сөзді Еркінбай қажы жалғап, Наурызбай Тағанұлына қазақы дәстүрмен шапан жапты. Мешітке Құран кітабын сыйға тарту етті.
Аудандық «Ардагерлер алқасы» төрағасы, ауылдың ақсақалдары баталарын берді.
Наиб мүфти Жұма уағызын айтып, намазын жүргізді.