Шымкент қаласы өкілдігі бойынша, Шымкент орталық мешітінің жанынан ашылған Діни сауат ашу курсының әйелдер бөлімінде  ақ жаулық әжелер дәріс алуда.  Алтын алқа иегерлері, ұлын ұяға, қызын қыяға қондырған асыл әжелеріміз Қасиетті Құранды үйренуге талпынуда. Әжелеріміз Құранды жақсы оқып қана қоймай қариялық курстарына да қатысып Қасиетті Құранның 30-шы парасын жаттап жүр. Өздерімен бірге немерелері мен келіндерін  де ала келіп Құран курстарына қатыстыруда. Сонымен бірге әжелеріміз дәріске келетін жастарымызға өздерінің өмірлік отбасылық тәжірибелерімен бөлісіп бала тәрбиесі, отбасылық мәселелер және әйел денсаулығына байланысты ақыл кеңестерін беруде. Ел басымыз айтып өткендей  жастардың санасына «Ұлттық кодты» орнатуда әжелеріміздің еңбегі үлкен. Мешітімізде бүгінде 20-ға жуық әжелер тұрақты дәріске келуде. Алдағы уақытта әжелеріміздің ұйымдастыруымен түрлі салт-дәстүрге негізделген шаралар жоспарлануда.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38