Шардара ауданы Көксу ауылы Т. Айбергенов мектеп гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларымен «Дін мен дәстүр сабақтастығы», — атты тақырыпта кездесуге аудан имамы А. Данияров, «Арулар әйелдер» қоғамдастық бірлестігінің төрайымы О. Қазманбетова, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т. Жакипов қатысты. Сөз кезегінде аудан имамы біздің ата — бабаларымыз, Ислам діні мен қазақтың салт — дәстүрлерінің тепе — теңдігін сақтай отырып, ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Осындай тәрбиенің арқасында қазақ халқынан жүздеген, тіпті мыңдаған батырлар, от ауызды, орақ тілді ақындар мен жыршы — жыраулар, данышпан билер мен ғұламалар шыққандығына тоқталды. Сөз соңында алдағы келе жатқан ҰБТ — дан сүрінбей өтулеріне дұға жасап батасын берді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.