Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен 1- мамыр Қазақстан халық-тарының бірлігі күні мерекесіне орай «Ырыс алды – ынтымақ» атты кездесу өтті
Кездесуді облыс имамы А.Керімбек ашып, жүрігізіп отырды. Кездесуде бүгінгі таңда ҚМДБ-на қарасты мешіттерде қызмет етіп жүрген өзге ұлттан тұратын бірқатар имамдарымызға сый-құрмет көрсетті.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі