ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы А. Керімбек «Шымкент» және «Сарыағаш» медреселерінің бітіруші шәкірттерімен арнайы кездесулер өткізді. Кездесулер ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасына сәйкес жүзеге асқан болатын. Бұл іс-шараның мақсаты: бітірушілерді қызметке тартып, тәжірибе жинауға шақыру болып табылады. Бітірушілердің бір тобы қызмет етуге дайын екендіктерін айтса, енді бір тобы әрі қарай білім алуды таңдайтындарын жеткізді.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі