Шымкент қаласында орналасқан № 9 емхана қызметкерлерімен «Дәстүрлі емес діни ағымдардың іс – әрекетімен олардан келетін қауіптің алдын алу»,- атты тақырыпта кездесуге ҚМДБ – ның ОҚО өкілдігінің жанынан құрылған ЖАНТ мүшелері, Шымкент қаласы Абай ауданы Нұр төбе мешітінің бас имамы Б. Жәміш, Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров қатысты. Сөз кезегінде теріс діни ағымдардың белгілері мен олардан сақтану жолдарын, діни ілімді алуда тек мешіт өкілдері мен арнайы дін мамандарына жүгіну керектігін ескертті. Емхана қызметкерлері көкейлерінде жүрген сұрақтарына өз жауаптарын алып, ойларын ортаға салып бөлісті.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров