IMG 459

IMG 459

Рамазан – Құран айы. Рамазан айының жақындағанына орай ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаевтың тапсырмасы негізінде Сарыағаш ауданына қарасты Еңкес елдімекеніндегі «Усман ибн Аффан» мешітінің ұйымдастыруымен сауат ашу курсының шәкірттері арасында Құран жарысы өтті. Жарысқа сауат ашу курсы шәкірттері арасынан 40 жуық шәкірт қатысып, Құран Кәрімнің 30- парасын мәнерлеп оқудан сынға түсті. Жарысқа «Сарыағаш-медресе колледж»-нің ұстаздары Б.Жакипов, А.Райымбаев, және Қари Н. Еркебаев төрелік етті.
Шәкірттердің жарысқа қызу дайындалып келгені байқалып тұрды. Өйткені олардың Құран Кәрімді мәнерлеп оқуынан жүлдегерлерді анықтау біраз қиынға соқты. Иә, жарыс болған соң, жүйріктің бәйге алары айтпаса да түсінікті. Жарыс соңында қазылардың шешімі бойынша үздіктер былай анықталды:
1-орын. Еңкес елдімекені «Усман ибн Аффан» мешітінің шәкірті.
2- орын. Еңкес елдімекені «Усман ибн Аффан» мешітінің шәкірті.
3- орын. Еңкес елдімекені «Ақниет» мешітінің шәкірті.
Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.

Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 459

IMG 459

IMG 459

IMG 459

IMG 459

IMG 459

IMG 459

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38