Қасиетті Құран Кәрімнің «Фәжр» сүресінен «Нәс» сүресіне дейін жатқа оқудан 7 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында сайыс ұйымдастырылды. Құран жарысын Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Алматы қаласы бойынша өкілі Еркінбек қажы Шоқай ҚМДБ – ның төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының ыстық лебіздерін жеткізіп, құттықтау сөзімен ашып берді. Сөз соңында Құран жаттаудың маңыздылығы мен осындай дүбірлі додада бақ сынаудың өзі үлкен нығмет екенін атап өтті. ОҚО Шардара ауданы Шардара ауылы «Шардара» мешітінің ұстазы Маканов Орынбасар қаридың 4 жасар ұлы Эсен Халид Орынбасарұлы IV – орынды иеленсе, 7 жасар Әбу Айша Әлімжанқызы ІІІ – орын, 7 жасар Алтыбай Нұрқанат Нұрболатұлы алдыңғы ондыққа ілініп, ең басты қуанышымыз, бүлдіршіндер арасындағы Шейх Зайд атындағы Құран жарысына қатысып, Алматы орталық мешітінің Бас имамы Е. Шоқайдың Мақтау қағазымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бұның тысында ынталандыру сыйлығы ретінде барлық қатысушыға 5 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы мен самокаттар тарту етілді. Езулеріне күлкі, көңілдеріне қуаныш ұялаған балдырғандарымыздың қатарынан Қасиетті Құранды толық жаттаған қарилар мен ғалымдар болады деп тілейміз.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.