Сайрам ауданы Манкент ауылы Қорғаншы мешітінде жылдағы дәстүрге сай екінші рет мауліт шәріф оқылды. Пайғамбарымыз саллаһу алайхи уасалламның өмірбаяны насихатталып, уағыздар айтылып, Құран кәрім хатым қылынды. Мереке соңында жамағатқа дастархан жайылды. Іс шараға аудан бас имамы, ауыл бас имамы және басқа имдарда өз үлестерін қосты.
Сайрам ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі