ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «2018 жылға арналған жылдық жоспарды талқылау жиналсы» болып өтті. Шымкент қаласындағы «Ықылас» ҚДО-ның қыздар бөлімінде өткен бұл жиынға облыста орналасқан «Шымкент медресе» колледжі «Сарыағаш медресе» колледжі және «Ықылас» ҚДО-ның әйел ұстаздары мен бірге облыс бойынша 28 мешіттегі әйел ұстаздары қатысты. Жиналысқа ОҚО-ның өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың арнайы тапсырмасымен келген облыстық орталық мешіт найб имамы Сертай Әділхан Айдарұлы, «Шымкент медресе» колледжінің директоры Талғат Әсембай және «Ықылас» ҚДО директоры Майлан Ықылас қатысып, әйел ұстаздарының жұмыстарымен танысты. Жылдық жоспарға өз пікірлерін білдіріп, 2018 жылғы атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі. Жиналыста облыстық орталық мешіт ұстазы «Әйел-қыздар секторның» облыс бойынша жауаптысы Әбиева Еңілік «2018 жылға арналған әйел-қыздармен атқарылатын жылдық жоспардың тұжырымдамасы» тақырыбында баяндама оқыды. Алдағы уақытта облысымызда әйел-қыздармен атқарылатын жұмыстардға шолу жасап өкілдік тарапынан беріліп отырған бір шама тапсырмалармен таныстырып өтті. Мешіт және медреседегі ұстаздар жұмысын бір ізділікке бағыттау мақсатында тың жоспарларымен бөлісті. Сонымен қоса «Шымкент медресе» колледжінен Қараева Қызылгүл, «Сарыағаш медресе» колледжінен Ерматова Дилдора және «Ықылас» ҚДО –нан Төлеген Ұлбосын ұстаздар баяндама жасап жоспарларымен бөлісті. Жиналыс соңында ұстаздардың ұсыныстары тыңдалып сұрақтарына жауап берілді. ОҚО бойынша медресе, мешіт ұстаздарының ұндеу жарияланды және ҚМДБ-ның тапсырмасымен жарияланған «Ислам және отбасы» жылына арналған әйел жамағаттарымен атқарылатын жұмыстардың жылдық жоспары құрылды.
Әйел ұстаздарының бір арнаға бірігу арқылы жоспарлы, сапалы жұмыс атқарып бәсекеге қабілетті шәкірттер дайындау мен дәстүрлі емес діни ағым қатерінен бірлесе қорануды және әйел жамағаттары арасында діни тұрақтылықты сақтауға бағытталған жиналыс алдағы уақытта өз нәтжесін береді деген сенімдеміз.
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі