ОҚО «Зекет» қорының Түркістан қаласы бойынша Өкілдігінің ұйымдастыруымен жалғыз басты мүгедек, ұлты татар Кабир есімді кісіге көмек берілді. Кабирге «Зекет» қорының атынан мүгедек арбасын 30 000 теңгеге сатып әперілді және де Түркістан қалалық ауруханасына бір курс емделуге жәрдемдесіп, ауруханаға жатқызды. Кабир ағамыздың тұрмысы өте төмен, екі аяғы түбінен кесілген, өз қант диабеті ауруымен ауырады, жалғызбасты жан.
Түркістан қаласы «Зекет» қорының өкілдері ол кісіге үнемі көмек беріп отыру мақсатында өз қарауына алатын болды.
«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі