2018 жылдың 16 наурыз күні Арыс қаласы Каморова мектебінде «Деструктивті діни ағымның алдын алу», – тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде бас имам А.Абдулкамал Деструктивті діни ағымның көз қарастарына тоқтала келе, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітуімен биылғы 2018 жыл «Ислам және отбасы» жылы болып белгілегендігін тілге тиек етті.
Аталған жиында оқушылар және ұстаздар тарапынан Деструктивті діни ағымға байланысты сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптар берілді.
Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешіті баспасөз қызметі.