Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің ұйғарымымен биылғы жыл «Ислам және отбасы» жылы деп жарияланды. Жыл ішінде істелінетін іс шараларды нақтылау үшін Шымкент қалалық А. Қаттани мешітінің мәжіліс залында Әл-Фараби ауданы мешіттерінің имам молдаларына арнай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда отбасы жылы аясындағы берілген тақырыптар кеңінен түсіндіріліп, арнайы бейне роликтер көрсетілді.
А. Қаттани мешітінің баспасөз қызметі