Шымкент қаласы, Қаратау аудандық “Байғұт баба” мешітінде Имамдардың біліктілігін арттыруға арналған көшпелі семинар өтті.

Семинарға аудан имамы Ербол қажы Тастанбекұлы, қалалық орталық мешіттің наиб имамы, қала бойынша “Дәстүр және отбасы” бағытының кураторы Ахметжан Пірәліұлы және аудандағы мешіттердің имамдары қатысты.

Семинар барысында, аудан имамы кіріспе сөз сөйлеп, сөз кезегін имам Ахметжан қажы Пірәліұлына берді.

Өз сөзінде Ахметжан имам, үстіміздегі жылды діни қызмет аясында 2026 жылды “Ислам және адал қоғам” деп жариялауына орай, мешітте некелері қиылған жас отбасыларға арналған түрлі рухани шаралар ұйымдастыру керектігін баса айтты. Әр некелері қиылған жас отбасыларға естелік үшін берілетін неке куәлігін «Берекелі шаңырақ — адал қоғам негізі» атты рухани-тағылымдық іс-шара барысында салтанатпен тапсыруды ұсынды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38