Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі – мешіт жанындағы Ақылдастар алқасы мен облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген мәжілісіне қатысушылардың «Ұлттық салт – дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселерлері» бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының халқына арналған үндеуіне орай бүгін Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінде қала, ауыл имамдарымен Ақылдастар алқасының мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесуде бас имам А. Абдукамал 2018 жылғы 24 ақпан күні қабылданған үндеуге тоқталып өтті. Ақсақалдар үндеуді тыңдағаннан кейін өз ой пікір ұсыныстарын ортаға салып, үндеуді қолдап, имамдармен бірлесіп, жұмыс атқаратындықтарын білдірді. Сонымен қатар үндеу қала, ауыл имамдарына таратылып берілді.
Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің баспасөз қызметі.