Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылы мешітінің Әйел қыздар секторының ұйымдастыруымен Аналар күніне орай «Аналарды аялайық» атты Хадис сайысы өтті. Сайыста 9 үміткер қатысып, әйелдерге байланысты хадистер айтып, өз білімін шыңдады. Әйел қыздар секторының ұстазы Нарметова Захира, Махсутова Малика ұстаздар жарысымыздың қадірлі қонағы болып, әділ бағаларын берді.
1 орын Уалиева Тоқжан.
2 орын Утелова Ақерке.
3 орын Абдижалил Раяна
атты қыздарымыз марапатталды. Қалған қатысқан қыздарға да сый сияпаттар табысталды. Сайыс соңында дастархан жайылып, Захира ұстаз «Ата ана алдындағы міндеттері» жайлы уағыз насихат жүргізді. Ауылдың қария әжесінен батасын алдық.
ОҚО Сарыағаш орталық мешітінің баспасөз қызметі