Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына сәйкес, “Дәстүр және отбасы” бағыты бойынша Шымкент қаласы өкілдігінің ұйытқы болуымен «Дәстүр және отбасы құндылықтары» атты рухани-танымдық жас отбасылар форумы өтті.
Ұйымдастырылған форум жұмысына ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Ерболат Жүсіпов, шаһар бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре, ақын және Түркістан облысы, Отырар ауданының құрметті азаматы Құралбек Қосайұлы, белгілі ақын Ақмарал Леубаева, қалалық Салт-дәстүр орталығының қызметкері ақын Нұрлан Есенқұлов және қалалық “дәстүр және отбасы”бағытының жетекшісі Самат Сапарханұлы қатысып, неке және отбасы құндылықтары жөнінде мазмұнды баяндама жасады.
Форум барысында жас әкелерге «Әке — отбасының тірегі», «Әйел және отбасы», «Ажырасудың алдын алу», «Отбасылық тәрбие және адал қоғам», «Отбасындағы адалдық пен жауапкершілік» және мешіттерде неке қидырған жұптардың қатысуымен ұлттық, отбасылық құндылықтары жөнінде мазмұнды тақырыптар бойынша баяндама жасалды.
Сонымен қатар, қатысушы тарап көкейдегі сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.
Айта кетейік, форумның тағы да бір ерекшелігі шаһар бас имамы форум аясында жуырда ғана отау құрған жас отбасыларға мұсылман неке куәлігін беруді бір ізділендіру мақсатында неке куәлігі мен алғыс хат табыс етті. Мұндай игі шара алдағы уақытта әр айдың соңында жас отбасыларды жинап, түрлі деңгейдегі кездесулер өткізілетін болып шешілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38