«Алғыс айту» күніне орай Шардара ауданы бойынша Жастар ісі секторының жетекшісі Б. Дүйсеновтың ұйымдастыруымен «Ұмыт болғанға, Үміт бол», – атты қайырымдылық шарасы өтті. Бұл шарада мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қоса мұқтаж болған 20 отбасына ұн, күріш, макарон, өсімдік майы, шәй салынған пакеттер ұсынылды. Көмек алған азаматтар мешіт жамағатына алғысын білдірді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Шындығында байлық – мал мүліктің көп болуы емес, байлық – кеңпейілділік, қайырымдылық», – деген. Осы қайырымдылық іс – шараға атсалысқан Шардара қаласының тұрғындарына алғысымызды білдіреміз.
Шардара ауданы шардара орталық мешітінің баспасөз қызметі.