Еңбекші ауданы Қарабастау елді мекнінде тұратын 1915 жылы дүниеге келген Татарова Хайрниса кейуананың отбасына қонақта болдық. 103 жастағы Апамыз көзіне жас алып қазақ халқына алғысын былай жеткізді: «Өз көзіммен көргем, жақсылығы үшін қазақ халқына алғысым шексіз» деді. кейуана. Мешіт жамағаттары көршілес мешіттерді аралап, атап айтар болсақ Найман баба мешітінің жамағаты әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған Хазреті Али мешітінің жамғатына алғыс айтты.
Қалада көше тазалығын сақтайтын қызметкер апа-қарындастарға силықтар беріліп таңғы шай берілді. Алғыс айту күні барлық мешіттерде түрлі деңгейде іс-шаралар жалғасуда.
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі