Шардара қаласы Шардара АІІБ-нің қызметкерлерімен «Суицид тығырықтан шығатын жол емес», — атты тақырыпта Шардара аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қуанышбек Тілегенов, білім бөлімінің бас маманы қатысты. Аудан имамы сөз кезегінде өз — өзіне қол салу қазіргі таңда әлемді қатты алаңдатып отырған үлкен мәселе. Суицид — қатты қажыған, шарасыздықтан, шаршағанда, немесе бір жағдайда шешімін таба алмай тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған жеткіншектік ұл — қыздардың арасында кездеседі. Суицид тығырықтан шығатын жол емес. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Әрине сендерді қayiп — қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай — ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, сабыр етушілерді қуандыр! Қашан оларға бip қайғы жетсе, олар: «Шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз», — деді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.