IMG 706

IMG 706

Алла елшісі, Пайғамбарлар мөрі Мұхаммед (с.а.с) Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен хадисте: Адамдарға алғыс білдірмейтін адам- Аллаға шүкіршілік етіп жарытпайды- деген. Осынау тамыры терең, тұңғиық хадистерден нәр алған ата- бабаларымызда: «Алғыс алған- арымас, қарғыс алған- жарымас»-дей келе, мұсылмандардың бір- біріне алғыс білдіруі керектігін меңзеген. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: барлық ұлттың бір- біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе, әділетті болар еді- деген керемет сөзі бар еді. Сондықтан да Президентіміздің жарлығымен «1 наурыз- алғыс айту күні» болып бекітілді. Осы орайда Аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Сыздықов Бекзат Жаңа жол ауылдық округі, Фердауси елді мекенінің тұрғындары, ақсақал- қарияларымен арнайы жолығып, кездесу өткізді. Осы ауылда орналасқан «Молла Исмайыл» мешітінде жылы жүзді ауыл халқыменен сұхбаттасып, келе жатқан ел мерекесі «Алғыс айту» күнімен құттықтады. «Ынтымақ жүрген жерде- ырыс бірге жүреді»- тақырыбында насихат жасап, елдің бірлігін сақтау барша мұсылманға парыз екендігін айтты. Қағынған қарғыс алар, қарасқан алғыс алар дегендей, бір- бірімізге бауырмалдық қасиеттерімізді білдіре жүрейік- деп, сөзін аяқтады. Кездесуге қатысқан ауыл ақсақалдары: «Біз Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Фердауси елді мекенінің тұрғындары 1937 жылдан бері осы елді мекенде қасиетті қазақ топырағында өніп- өсіп, өмір сүріп жатырмыз. Біз әрқашанда Тәуелсіз еліміз үшін, Елбасымыз үшін, Дінбасымыз үшін дұғадамыз. Осынау кең- байтақ, киелі топырақты нәсіп қылған Аллаға, екінші құшағы кең, дархан халық- қазақ бауырларымызға алғыс айтамыз»- деп, ыстық ықыластарын білдірді.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 705

IMG 706

IMG 707

IMG 708

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38