Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Еңкес елдімекеніндегі «Осман ибн Аффан» мешітінде қыз-келіншектер арасында «Жәннат гүлдері» атты хадис айтудан сайыс өтті. Сайысты аудан имамы Б.Қалдаров, және Еңкес елдімекенінің имамы А.Райымбаев ашып берді. Аудан имамы Б.Қалдаров білім алудың артықшылығы туралы уағыз айтты. Сайысқа Фердаус пен Кәусар топтары қатысты. Шәкірттер аналарға арнап діни әндер айтты. Жеңімпаздарға сыйлықтар беріліп, дастархан жайылды.
Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі.