ҚМДБ ОҚО облыстық орталық мешітінде әжелеріміз бен ақжаулықты аналарымызға арналған дастархан жайылды. Оған облыстық орталық мешітінің жанындағы діни сауат ашу курстарының (ДСАК) әйелдер бөлімінің шәкірттері, мешіт ұжымының әйелдер қауымы және қала бойынша басқа мешіттерде сабақ беретін әйел ұстаздар қатысты. Ақ дастарханды ашқан облыс имамы А. Керімбек: «Қазақ халқы қашанда аналарын ардақтап, әжелерін әлпештеп, қызбаларына дұрыс тәрбие берген халық»,-деп жиналған әйел қауымына жалпы алғысын білдірді.
ҚМДБ ОҚО бойынша баспасөз қызметі