ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласындағы ҚМДБ ОҚО өкілдігінің қызметкерлері «Дін мен дәстүр» кітабы және тәлімдік құжаттар бойынша сынақтан өтті. Сынақты Оңтүстік Қазақстанның өкіл имамы А. Керімбек ашып, құрылған комиссияға төрағалық етті. Сынақ ҚМДБ тарапынан арнайы әзірленген билеттер бойынша жүргізілді. ОҚО облыстық орталық мешітінде өткен сынаққа имам-молдалардан, азаншы және ұстаздар қауымынан жалпы саны 202 діни қызметкер қатысты. Аталмыш сынақ облыстағы өзге қалалар мен аудандарда наурыз айының 12-жұлдызына дейін жалғасады. Сынақ өткізудің мақсаты ҚМДБ қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру болып табылады.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі