Кентау қалалық орталық мешітінде біршама жылдар бойы наиб имам қызметін атқарған Есіркеп Мейрамбек Құдайбергенұлын құрмет-қошеметпен Созақ ауданы Шолаққорған мешітіне бас имам етіп Кентау халқы Жұма намазында зиялы қауым өкілдері қатысып шығарып салды. Қазақи салт дәстүрге орай қала жамағаты иығына шапан жауып Бас имам Айекеев Ғалымжан алғыс хатпен марапаттап алдағы қызметіне береке тіледі. Мешіт ақсақалдары баталарын берді. Мейрамбек Есіркеп өз тарапынан жамағатқа ризашылығын білдірді.
Кентау қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі