Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы «Шымкент» медресе-колледжінде « РУХАНИ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҰРПАҚ» атты діни танымдық кездесу ұйымдастырылды .
Игі шараға ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, ардагер имам Бекайдар Әміре арнайы қатысып студенттерге дәріс оқыды. Өнегелі өсиет сөздер айтып, жастарға жігер берді.
Кездесуге арнайы келген мейманға Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай оқу ордасы атынан алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



