Бүгін «Шымкент» медресе-колледжінің конференция залында «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында танымдық-рухани семинар ұйымдастырылды.
Семинарға шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, Шымкент медресе колледжінің директоры Талғат Әсемай, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, Ербосын Орын, Ерман Бекбауов, Ербол Қалшабек бастаған ұстаздар қауымы мен имамдар қатысты.
Семинар барысында дін мен дәстүр бағыты, Уақып қорының жұмысы және ҚМДБ қабылдаған концептуалды құжаттар бойынша дәріс оқыды..
Сондай-ақ, семинар аясында жаңадан құрылысы жүріп жатқан 360 орынды Шымкент медресе колледжінің қыздар бөлімінің жаңа ғимарат жұмысымен танысты. Семинар соңында шаһар бас имамы бастаған һәм аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерге «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай мырза алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі












