IMG 517

IMG 517

ҚМДБ, ОҚО бойынша өкілдігі, Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің «Әйел-қыздар» секторының және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 13 ақпан күні Түркістан қаласы «Болашақ» колледжінің қыз студенттерімен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты тақырыбында кездесу өтті. Кешті «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бас инспекторы Ақмарал Әбдінабиева жүргізіп отырды. Орталық мешіттің жетекші ұстазы Зүлфия Моллатілеуқызы қыздарға уағыз насихат айтса, Түркістан қалалық емханасының жасөспірімдер гинекологы Раметова Нафиса қыздар арасындағы суицидпен ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында өз ой насихатын айтты. Орталық мешіттің ұстаздары Алия мен Малика түрлі тақырыптарда уағыз айтып, қыздар көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.


«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 516

IMG 517

IMG 518

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38