Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы Елордада өткен халықаралық Құран байқауында 3-орын иеленген жерлесіміз Шохан Уәлиевті қабылдады. Әлемдік бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, жүлдегер болған қариға сый-сияпатпен алғыс білдірді. Қаламызда шәкірттерді құран оқуға баулып, рухани іліммен сусындатып жүрген игі қызметіне ризашылығын айтты. Қасиетті құранның нұрымен жүректерге шуақ сыйлап, әлемдік бәсекеде ел абыройын асқақтата беруге тек сәттілік һәм толағай табыс тіледі!
ҚМДБ Шымкент қаласы баспасөз қызметі














