Шымкент қаласы Сейітжан қари мешітінде шәкірттерге «Исламдағы тазалық» тақырыбында тағылымды сабақ өткізілді.
 
Сабақ барысында ұстаз шәкірттерге тазалықтың иманмен байланысы жайлы түсіндіріп, Құран аяттары мен хадистерден дәлелдер келтірді.
 
Атап айтқанда, төмендегі мәселелер кеңінен түсіндірілді:
•Дәрет – құлшылықтың кілті әрі намаздың шарты екендігі;
•Ғұсыл – белгілі жағдайларда бүкіл денені жуу арқылы тазалану міндеті;
•Хайыз пен Нифас кезеңдерінде әйелге қатысты діни үкімдер;
•Таямум – су табылмаған жағдайда Алланың берген жеңілдігі екендігі.
 
Сабақ соңында шәкірттер тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, пайдалы мәліметтер алды.
 
«Тазалық – иманның жартысы» деген хадиске сүйене отырып, мұндай дәрістердің жастардың діни сауатын арттыруға, әрі күнделікті өмірде тазалықты сақтауға үлкен ықпал ететіні атап өтілді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38