Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты “Есжанұлы Сейітжан қари “ мешітінде Ғибадат пәнінен шәкірттер арасында сайыс өтті . Сайыста екі группа екі топқа бөлініп сайысқа түсті . Ғибадат сабағынан өткен тақырыптар бойынша дәреттен бастап намаз тақырыбына дейін 3 кезеңнен тұратын сайысқа түсті. Бірінші кезең сұрақ- жауап айдары болды ,әр топтан 5 шәкірттен шығып сұрақтарға жауап берді.Екінші кезең топпен сөз жұмбақ шешіп сайысқа түсті .Үшінші кезеңде логика түрінде берілген суреттерге байланысты сөйлем құрау болды.Шәкірттер белсене қатысып үлкен тәжірибе жинады .Топпен жарыс бір жағынан шәкірттер арасындағы бірлікті және топпен жұмыс жасауды үйретті.Сайыс соңында сыйлықтар беріліп марапатталды.







